Пациент алгоритмі
Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу
орталығына келушілердің алгоритмі
Орталыққа келушінің алгоритмі:
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Владимирский көшесі, 22б
Орталықтың жұмыс режимі: 8.30-17.00
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
Қан алу уақыты: – дүйсенбіден бейсенбіге дейін 8.45-16.00
– жұма күні 8.45-15.30
Келесі күні -АИТВ-ға және гепатитке арналған маркерлерге нәтижелер беру
Нәтижені беру уақыты: 15.00-17.00
Түскі үзіліс 13.00 – 14.00
Медицина қызметкерінің іс-қимыл алгоритмі:
1.Келушімен сәлемдесу;
2.Сенімді қарым-қатынас орнату;
3.Науқастың шағымдары мен жағдайын сұрау
4.Науқастың объективті жағдайын бағалап, қан алу алдында науқастың жағдайын анықтау
- Зерттеу жүргізу үшін ф№097е нысаны бойынша жолдама-сұраныс толтыру
6.Қан алуға және оны зерттеуге пациент келісімін алу
7.Биоматериалды тасымалдауды медициналық қызметкер Санитарлық ережелерге сәйкес жүргізеді
Мақсат: нақты диагноз қою үшін қан алу және пациентті қабылдаудың одан арғы тактикасын анықтау
Диагностикалық зерттеулерге дайындау алдындағы
пациенттің іс-қимыл алгоритмі
Пациенттерден жиналатын сынамалар бойынша нұсқаулық:
АИТВ және гепатиттерге (В, С) көк тамырдан қан алу
- сынамалар тамақтан кейін 12 сағаттан соң аш қарында алынуы тиіс
2) егер аш қарынға тест тапсыру мүмкін болмаса, майлы, ащы тағамдарды қабылдауды шектеп, пациенттің қабылдап жүрген дәрі-дәрмектерін ескеру және физикалық белсенділікті төмендету, темекі шегуді, алкоголь мен кофені тұтынуды болдырмау қажет
3) өзімен бірге дәрігерден алған жолдамасы болуы керек
4) өзімен бірге жеке куәлігі немесе паспорты болуы тиіс