АИТВ/ЖИТС туралы
АИТВ дегеніміз – АИТВ инфекциясы деп аталатын ауруды тудыратын, адамның иммун тапшылығының вирусы. Бұл дерттің бірнеше сатысы бар, соңғысы – ЖИТС деп аталады.
ЖИТС- жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы: жұқтырылған– өмір сүру процесінде пайда viagra sans ordonnance болған; иммун тапшылығы – иммун жүйесінің зақымдануы және жұқпа ауруларға қарсы тұра алмау; синдром – осы аурудың белгісі мен симптомдардың жинағы.
Иммун жүйесі – өте күрделі, сыртқы шабуылдардан қорғайтын және организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін адамға қажет жүйе. Біздің иммундық жүйеміз адам организміне кірген бөгде агенттерді жылдам танып, иммундық жауапты іске қосады.