Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған акция
- admin_atsc
- 19.11.2024
- Видео, Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында 2024 жылдың 19 қарашасында АРЕС реtrorechnic жоғарғы колледжі студенттерінің қатысуымен «Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!» тақырыбында акция өтті.
Шара Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова, Атырау облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қадағалау басқармасы орынбасары Индира Сейтқасымова, «Жаңа уақыт» қоғамдық қорынынан Л. Өтепова қатысуымен өтті.
Акцияның басты мақсаты – жастардың назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтан сақтану.
Кездесу барысында АИТВ мен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Жиын соңында студенттердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында сұрақтар қойылып, пікір алмасып, жауап берілді.
Қатысушы студенттер саны – 82.