АИТВ инфекциясы туралы дәріс
- admin_atsc
- 25.01.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 20-24 қаңтар аралығында Атырау ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Ж. Иманғалиева бизнес құрылымдар арасында АИТВ инфекциясы туралы дәрістер өткізді.
Кездесу ЖК «Алпатанова», «Спецавтобаза», «Bigma Development», «Rapid Investment» ЖШС қызметкерлері арасында өтті. Маман АИТВ инфекциясы туралы эпидемиологиялық ахуал, берілу және аурудың алдын алу жолдарын, өз статусын білудің маңыздылығын айтып түсіндірді.
Дәріс соңында қатысушылардан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,
АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments