Берілу жолы
АИТВ-ның үш берілу жолы бар:
АИТВ инфекциясының жұғу көзі – адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушы немесе ЖИТС сатысындағы науқас. Тасымалдаушылар айналасына қауіптірек, себебі АИТВ жұқтырушы екенін білмеуі немесе жасыруы мүмкін. Ер адамдар да , әйелдер де індет көзі болуы мүмкін. АИТВ-ның қанға енуі инфекцияның дамуына әкеледі. Бұл мына жолдармен жүзеге асады:
- жыныстық жол — сексуалды қатынастардың барлық түрлерінде. Сақтанбаса (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас дені сау серіктесіне індетті жұқтыру қаупін тудырады;
- парентералды – шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда АИТВ жұқтырған адам қаны және оның құрамдары жұққан құралдар пайдаланылса;
- нашақорлар есірткілерді енгізу кезінде инені, шприцтерді ортақ қолданғанда;
- пирсинг жасау, татуаж енгізу барысында стерилизациядан өткізбеген аспаптарды қолданған жағдайда;
- перинаталды – АИТВ жұқтырған анадан балаға босану кезінде және босанғаннан кейін ана сүтімен беріледі.
АИТВ қалай берілмейді:
-Қол беру, құшақтасу
-Гигиена құралдары, жөтелу, түшкіру
-бассейн, ванна, сауна
-Жәндіктердің шағуы және жануарларды күту
Облыстық АИТВ орталығы Владимирский көшесінде орналасқан.
Орталықта:
– достастық кабинеті: дәрігер-дерматовенеролог
– психо-әлеуметтік кеңес кабинеті: дәрігер-психотерапевт
-гинекологиялық кабинет: дәрігер- гинеколог жұмыс жасайды.
Жұмыс уақыты: 8.30- 17.00
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Сенім телефоны: 21-11-03