Структура
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы
«Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
― Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру
―Кәсіпорын қызметінің мақсаты АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тің профилактикасын ұйымдастыру, диагностикалау және емдеу
―Кәсіпорынның алға қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
- медициналық ұйымдардың халықты АИТВ-ға зерттеп-қарауға, АИТВ/ЖИТС-тің профилактикасы, диагностикасы және АИТВ жұқтырған ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу мәселелері бойынша жұмысын жүргізу, үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету;
- АИТВ-инфекциясының таралу қарқынын төмендетуге және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу, облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау;
- АИТВ-ға және ЖИТС-пен байланысқан инфекцияларға скринингтік зерттеулер, сондай-ақ вирусологиялық, иммунологиялық және басқа да қажетті зерттеулерді орындау;
- АИТВ жұқтырғандарды, ЖИТС, ЖИТС-пен байланысқан инфекциялармен ауыратындарды диагностикалау, диспансерлік қадағалау және емдеу мәселелері бойынша емдеу-профилактикалық ұйымдарға ұйымдастыру- әдістемелік көмек көрсету;
- меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық және қоғамдық ұйымдармен АИТВ-инфекциясының профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- емдеу-профилактикалық ұйымдардағы персонал мен науқастарға АИТВ-инфекциясын жұқтырудың профилактикасы бойынша консультациялық көмек көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша дәрігерлерді және орта буын медицина қызметкерлерін даярлауда, сондай-ақ семинарлар мен кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуде консультациялық көмек көрсету.