Атырау облыстық АИТВ  орталығы

№79 мекемесінің жеке құрамы мен медицина қызметкерлеріне дәріс өткізілді

2025 жылдың  16 сәуірінде облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №23 мекемесінің  жеке құрамы арасында «АИТВ инфекциясының алдын алу. Арнайы контингент арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту» тақырыбында  дәріс  өткізілді.Сонымен қатармамандар пенитенциарлық мекемелердегі медицина қызметкерлеріне  АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, қолданыстағы бұйрықтармен, қан алу кезінде кодтаудың дұрыстығымен, төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерінің іс-әрекеттері туралы таныстырды.
Медицина қызметкерлеріне стигматизация мен кемсітушіліктің алдын алу үшін АИТВ жұқтырған арнайы контингент туралы ақпаратпен жұмыс істеу кезінде құпиялылық қағидаттарын сақтау қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey