Жағалау күзетінің қызметкерлеріне АИТВ туралы дәріс
- admin_atsc
- 19.11.2024
- Видео, Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Р.Муканова, А.Абылғазиева және медбике Р.Тлепова «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті жағалау күзеті дивизионы қызметкерлеріне дәріс өткізді. Мақсат: әскери қызметкерлердің арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру болып табылады. Шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының Атырау облысының эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және алдын алу шаралары, АИТВ – инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті. Сонымен қатар еріктілерге 27 адамға жедел тест жүргізілді. Барлық қатысушыларға ақпараттық-танымалдық материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments