Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жұмыстары ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан 22.07.2024 жылы келіп түскен ақпараттық хат таныстырылды.

Одан бөлек, емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерінің орын алуын болдырмау және олардың алдын алу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жауапкершіліктер мен белгіленген жазалар бойынша заң тұрғысынан түсіндірме берілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey