Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Медициналық қызмет көрсету

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖК КМК-нда «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» туралы  медициналық қызмет көрсетіледі.

Медициналық қызмет  ҚР Денсулық сақтау министірінің  2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ-211/2020  бұйрығына сәйкес   көрсетіледі

 

1.Медициналық қызметті көрсету мерзімі:

  • көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні;
  • зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
  • көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.
  1. Медициналық қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.немесе электронды «кю-ар» кодпен
  2. Медициналық қызметті көрсету нәтижесі – адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.
  3. Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды. Ота жасауға жолданғандарға, донорларға, гемотрансфузияға/трансплантацияға дейін реципиенттерге, клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша тексерілушілерге АИТВ маркерлеріне тестілеу нәтижелері 10 күн бойы жарамды.

5.Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда медициналық қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

  1. 6. Медициналық қызмет азаматтарға тегін көрсетіледі.
  2. 7. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 08:45-тен 16:00-ге дейін, жұма күні сағат 08:45-тен 15:30-ға дейін .

Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетіп қызмет көрсету көзделмеген.

  1. 8. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар:
  • АИТВ-инфекциясының болуына зерттеп-қарау медициналық қызметін алу кезінде – жеке басын куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжаты
  • АИТВ-инфекциясының болуына анонимді зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, қызмет алушыға жеке код беріледі.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey