Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖК КМК-нда «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»туралы  мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  ҚР Денсулық сақтау министірлігінің  2015 жылғы 27 сәуірдегі  №272 бұйрығына сәйкес   және  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №328 Қаулысымен бекітілген.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  1. көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
  2. құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
  3. көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.

Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды. Ота жасауға жолданғандарға, донорларға, гемотрансфузияға/трансплантацияға дейін реципиенттерге, клиникалық және эпидемиологиялық  көрсетілімдер бойынша тексерілушілерге АИТВ маркерлеріне тестілеу нәтижелері 10 күн бойы жарамды.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарға тегін көрсетіледі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына «Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібіне» сәйкес , көрсетілетін қызметті беруші айқындайды.

Ақы төлеу көрсетілген қызметті берушінің кассасына Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген прейскурантқа сәйкес, қолма-қол есеп айырысумен жүргізіледі.

8. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі аптаның 5 күнінде (сенбі мен жексенбі күндерін қоспағанда) сағат 08-30 дан 16-40 қа дейін.

Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетіп қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттары:

АИТВ-инфекциясының болуына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде – жеке басын куәландыратын құжаты

АИТВ-инфекциясының болуына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey