Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Біз туралы

«Атырау облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК кәсіпорны 31 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Орталықтың негізгі қызметі – АИТВ ның алдын алу жұмыстарын жүргізу, ауру жұқтырған науқастарды анықтап, диспансерлік бақылауға алу және емдеу. Бұл жұмыстардың барлығын біздің қызметкерлер дәрігерлер мен орта буын мамандары атқарады. Дәрігерлердің мамандығы әр түрлі. Эпидемиологтар, инфекционистер, терапевт, дәрігер зертханашылар, фтизиатр, акушер-гинеколог, педиатр, дерматолог бар. Әр бөлімше өздеріне жүктелген міндеттерді атқарады. Зертханада  АИТВ инфекциясына скринингтік тексеру жасалады.    АИТВ анықталған жағдайда эпидемиологиялық  бөлім  тексеріс жүргізіп, жұғу жолдарын анықтап, науқасты зерттейді. Халықтың түйінді топтары  арасында  эпидемиологиялық бақылау жүргізеді. Емдеу-алдын алу бөлімінде адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандарға  уақтылы медициналық көмек көрсетіледі.

АИТВ  орталығы қызметінің ерекшелігі – тестіге  дейін   және кейін психоәлеуметтік кеңес (ПӘК) беру.  Психоәлеуметтік кеңес беру –   дәрігер мен   мемлекеттік қызмет алушы арасындағы АИТВ туралы әңгімелесу. Бұл кеңесті дәрігер ПӘК кабинетінде жүргізеді. Науқас АИТВ туралы білмеген мәліметтерін алады.

Алдын алу бөлімі жалпы халықпен, кәсіпорын, ұйымдармен, жастармен, түйінді топтармен (инемен есірткі тұтынушы адамдар, коммерциялық секс қызметкерлері, еркектермен жыныстық қатынастағы еркектер, сотталғандар) жұмыс жүргізеді.    Бөлімнің жұмысы негізінен азаматтарға АИТВ туралы кеңінен түсінік беруге және індеттен сақтануды үйретуге бағытталған.

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі   орталықтағы жалпы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде жоспарлау, мониторинг жасау, қорытынды шаралар өткізу, есептер жасақтау.

Орталықтағы барлық жұмыс компьютерлендірілген. Мәліметтер электронды базаға құйылып отырады. Ол жұмысты бағдарламашылар мен бөлім мамандары қадағалап отырады.

2014 жылдың қыркүйегінен бері орталық қызметкерлері жаңа арнайы  ғимаратта жұмыс жасайды. Жаңа ғимараттың жалпы көлемі 3774 кв.м. Бұл Қазақстандағы типтік үлгідегі алғашқы және жалғыз ғана ғимарат. Мұнда біздің мамандарға барлық жағдай жасалған. Әсіресе маңыздысы – зертхана. Бұрын зертхана бір ғана серологиялық бөлімнен тұрса, қазір мұнда бес бөлім бар. АИТВ-ны анықтау үшін халыққа скриниг жүргізуге арналған серологиялық бөлім, гепатит пен ЖИТС индикаторлы инфекцияны анықтауға арналған серологиялық бөлім, иммунология бөлімшесі, клинико- биохимиялық бөлімі.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey