АИТВ тақырыбында дәріс

- admin_atsc
- 16.03.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Орталығымыздың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиева ММ “Сәулет және қала құрылысы бөлімі”, ЖК “Artbaget”, ЖШС “Спецавтобаза”, ЖШС “Альфа-КТ” мекемелерінің қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында Жұпар Иманғалиева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және инфекциядан сақтану үшін қажетті жеке гигиена мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ тестілеудің маңызы мен ерте анықтаудың денсаулыққа тигізетін оң әсері туралы ақпарат берілді. Қатысушылар дәрістен соң сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес алды.
comments powered by HyperComments