Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облысының тар бейінді мамандарымен бірлескен семинар

Халықтың түйінді топтары, әсіресе гомосексуалды жыныстық қатынас арқылы АИТВ-инфекциясының жұғуының алдын алу үшін қатынасқа дейінгі профилактика (ҚДП) емін жүргізу маңызды. Себебі, қорғану шараларын қолға алмағандар көп жағдайда вирус жұқтыруға бейім келеді.  Осыны түсіндіру мақсатында Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында арнайы жиын өтті. Семинарға қаладағы, аудандардағы ауруханалар мен емханалардың уролог, проктолог, андролог, венеролог дәрігерлері шақырылды.

«ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы 2023-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың «Жол картасын» жасақтаған болатын. Осы құжат аясында  қатынасқа дейінгі профилактикалық қызметтермен қамтуды ұлғайту көзделген»,-деді Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Айгүл Кудаманова.

Ал, орталық дәрігері Альфия Қарабекова АИТВ инфекциясы бар адамды ерте анықтау оның салдарымен күресті жеңілдететінін жеткізді.

Дәрігердің айтуынша, АИТВ инфекциясының 4 кезеңі болады. 1 сатысында ещқандай белгі байқалмай, симптомсыз өтеді. ІІ -ІІІ сатыда бас ауруы, иммунитеттің төмендеуі,  екіншілік инфекциялардың қосылуы пайда болады. Ал, ІV саты – ЖИТС, яғни науқасты ем қабылдамаған жағдайда өлімге әкелетін кезең. Семинарда АИТВ инфекциясы кеш анықталып, қазір кешенді ем-шаралар нәтижесінде беті бері қараған науқастардың жағдайы туралы да айтылды. Олар түрлі оппортунистік инфекциялармен  жергілікті емханаларда және жеке клиникаларда емделген. Бірақ оларға АИТВ-ға қан талдауы уақытында  жасалмаған. Соның салдарынан аурулары асқынған. Орталық дәрігері мұндай жағдайда міндетті түрде АИТВ-ға тексерілу қажеттігін айтты. Қатынасқа дейінгі алдын алу емі  антиретровирусты препараттармен жүргізіледі, вирус жұқтыру қаупі бар адамдар 3 ай бақылауда болады, 1-3 ай аралығында қайтадан анализ тапсырулары қажет»- деді А.Қарабекова.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey