Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау облысының Жастар денсаулық орталықтары мамандарына арналған семинар өтті

2024  жылдың  28 мамырында  Атырау   облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «Жастар арасында  АИТВ-инфекциясының  алдын алу»  тақырыбында  БМСК  ұйымдарының    жастар денсаулық орталығының  мамандарына  арналған  семинар  өтті. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Жастар ресурс орталығының маманы шақырылды.
Іс-шараны АИТВ орталығы  директорының м.а. Л.З.Акбанова  ашып, АИТВ инфекциясының  жастар арасында   таралуын талдай келе,  бірлескен  алдын алу жұмыстарын   жүргізу қажеттілігіне тоқталды.

Орталықтың  бөлім меңгерушілері   облыстағы эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде жастар арасындағы  таралу көрсеткіштері, облыстағы  ұйымдастырылған және жоспарланған шаралар, жедел тестке қойылатын талаптар  туралы  баяндады.

Сонымен қатар жастар денсаулық орталықтарының  басшылары  алдағы жоспарлары  мен   АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы презентацияларларын  ұсынды.

Шараға үкіметтік емес ұйымдар да қатысып, жастар арасындағы  алдын алу шаралары туралы өз ұсыныстарын берді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey