Атырау облыстық ЖИТС орталығының зертханасын автоматтандыру
- admin_atsc
- 14.01.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС- пен күрес және оның алдын-алу орталығы 2020 жылдың соңында Елбасының жолдауын іске асыруда бірегей технологиялық шешімдерді қолдана отырып, цифрландыру және автоматтандыру бағытында әлемнің жетекші медициналық техника өндірушісі «Abbott» компаниясынан зертханаға жабық иммундық- анализатор «Architect» құрал- жабдығын демеушілікпен алды.
Зертхананың медициналық қызметкерлеріне компанияның мамандары анализатордың қолдану тәсілдерін үйретті.
Бұл озық технология зертханалық процестерді автоматтантандыруға ,сынақ көлемін және зерттеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
comments powered by HyperComments