Атырау қаласында апталық аясындағы кездесулер
- admin_atsc
- 19.11.2020
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері 2020 жылдың 18-19 қарашасында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбындағы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде «СтройИнвест-К» ЖШС, «Идеал Маркет» ЖШС, Қалалық жұмыспен қамту орталығы, Ғ. Сланов атындағы облыстық кітапханасында қызметкерлермен және қала қала тұрғындарымен кездесулер өткізді.
COVID-19 инфекциясы АИТВ/ЖИТС індеті сияқты әрбір адам қауіпсіздікте болмайынша, ешкім де қауіпсіз бола алмайтындығын көрсетті. АИТВ инфекциясын анықтаудың жалғыз жолы- қанды зертханалық тексеру екендігі, тексеру тегін жүргізілетінін және ЖИТС орталығында анонимді, достастық кабинеті, сенім бекеті, сенім телефоны 21-11-03 жұмыс жасайтындығы жеткізілді.
Іс-шара барысында , ақпараттық-білім беру материалдарын тарату, психоәлеуметтік кеңес беру ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.