Атырау қ. баспасөз-конференциясы
- admin_atsc
- 23.11.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
21 қарашада Атырау қаласында АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған баспасөз-конференциясы өтті.
Баспасөз-конференциясына Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, облыстық ЖИТС орталығының, қалалық емдеу-профилактикалық мекемелерінің өкілдері қатысты. Мамандар «Qazaqstan Atyray’» телеарнасына сұхбат берді.
Баспасөз – конференциясын облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры А.Сыралиева ашты. Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алды алу орталығының директоры Н.Айтмұхамбетов халықпен және жастармен тиімді ақпараттық жұмыстар жүргізу маңыздылығын атап өтті.Дәрігер-эпидемиолог Г.Умарова АИТВ-инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемиологиялық ахуалды баяндап, 2018 жылғы Кампанияның «Өз мәртебеңді біл» ұранымен таныстырды.Баспасөз конференциясының соңында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
comments powered by HyperComments