Профилактика ВИЧ
АИТВ жұқпасының алдын алу
АИТВ жұқпасының алдын алу аспектілерінің бірі – салауатты өмір салтын ұстану, қауіпті мінез-құлықтан бас тарту, екінші бағыты халықты ақпараттандыру. АИТВ жұқпасы тек ағзаның сұйықтықтағы вирусы арқылы (қан, ұрық, вагинальды сұйықтық) сау адамның денесіне енген кезде ғана беріледі.
АИТВ жұқтырмаудың алдын алудың аса маңызды ережелері бар.
Ең бастысы! Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану,презервативті қолдану.
– Жұқпадан сақтанудың дұрыс жолы ескірткіден бас тарту, жеке шприцті қолдануды бақылау. Кейбір жағдайларда Есірткені қолданатын адамдар ортақ бір шприцті пайдаланғанда АИТВ жұқпасының таралу қаупі жоғары.
– Анадан балаға АИТВ-ны жұқтырмау үшін, дәрігердің берген ұсынысын толық орындау. АИТВ жұқпасы бар жүкті әйелді босануға дайындау және жаңа туған сәбидің күтімін жоспарлау. Жүкті әйелдің вирусқа қарсы қабылдаған емін жалғастыру, сәбиге вирусқа қарсы емді тағайындап, нәрестені жасанды жолмен тамақтандыру.
– Егер Сіздің жеке өміріңізде келеңсіз өзгерістер болса , АИТВ жұқпасына өз еркіңізбен қайта-қайта тексерістен өтіңіз.
АИТВ – жұқпасы баяу ағымдағы, созылмалы, үнемі үдемелі ауру. Ауруға қарсы нақтыдәрі-дәрмектер мен вакциналар жоқ. Қазіргі кезде заманауи талабына сай сапалы антиретровирустық дәрілер бар, ол иммундық жүйенің бұзылуына әкелетін вирусты басып, ЖИТС-тің пайда болуына жол бермейді.
Медициналық алдын-алу – бұл ішкі және сыртқы орта факторларының денсаулыққа теріс әсерін азайту, жұқпаны ерте анықтау және даму қаупін азайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру:
- Халық арасында АИТВ -жұқпасынан алдын алу жұмысын жүргізу.
- «Қауіпті топтарда» (инъекциялық есірткіні тұтынушылар, гомосексуалдар, қараусыз қалған жасөспірімдер, сотталғандар, коммерциялық жыныстық қатынаспен айналысатын адамдар) алдын алу жұмыстарын жүргізу.
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көмек көрсету, кемсітушілікке жол бермеу, сапалы өмір сүрулерін қолдау.