АИТВ жұқпасының алдын-алу шаралары
- admin_atsc
- 27.07.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2021 жылдың 22-27 шілдесінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкері Баймуханова М.У. «STAFF FORT» ЖШС: «Дана», «Насиха», «Нұрбанк» АҚ, ЖК: «Бурдина», «Рысқұлова», «KYPER KZ» сияқты бірқатар ұйымдардың қызметкерлерімен дәріс өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – АИТВ / ЖИТС проблемасына жауапкершілікті арттыру және салауатты, қауіпсіз өмір салтын насихаттау. Тыңдаушылардың назары АИТВ / ЖИТС-мен сырқаттанушылықтың алдын алуға бағытталды және қызметтер жасырын, ақысыз негізде көрсетіледі.
Дәріс соңында тыңдаушыларға кеңестер және көптеген сұрақтарға жауаптар берілді, АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық және білім беру материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments