Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ЖИТС орталығы семинар ұйымдастырды

2019 жылдың 3 қазанында жылдық жоспарға сәйкес облыстық ЖИТС орталығынының мәжіліс залында ҚАЖ  департаментінің  сотталғандарды  медициналық қамтамасыз  ету тобының  бас маманы, пенитенциарлық  мекемелеріндегі  медицина саласына жетекшілік ететін бөлім меңгерушілері, облыстық полиция  департаменті емханасы бар госпитальдің  дәрігері, УГ157/1,УГ157/9,УГ157/11 мекемелері және әскери бөлімшелердің медицина қызметкерлерінің қатысуымен  семинар өткізілді. Семинарды ЖИТС орталығының  директоры Н.Айтмұхамбетов  ашты.

Шара  барысында режимдік мекемелерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдайлар, Бүкіләлемдік  Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 90-90-90 стратегиясы бойынша 2020 жылға  АИТВ жұқтырғандардың 90% өз статусын білуі, АИТВ инфекциясы анықталғандардың 90% антиретровирусты ем алуы, арнайы ем алғандардың 90% қанында вирустың азаюына қол жеткізу,апаттық  жағдайлар туралы  түсініктер берілді.

Материалдар слайдтармен көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Семинар тыңдаушыларының сұрақтарына жауаптар беріліп, ақпараттық-ағарту құралдары таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey