Тікелей эфир «Онлайн Емхана» бағдарламасы

- admin_atsc
- 23.11.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
21.11.2018 жылы Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу жөніндегі орталықтың бастамасымен эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Умарова Гүлнар Ақмағамбетқызы және диспансерлік бөлімнің бастығы Аусниязова Баян Иосифқызы «Онлайн Емхана» бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйледі. Мамандар Қазақстан Республикасында және Атырау облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы, алдын-алу шаралары, АРВ емі, диагностика туралы ақпараттарды баяндады. Сонымен қатар, экспресс- тестілеу техникасы көрсетілді. Тікелей эфирде көрермендердің көптеген сұрақтарына жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments