Атырау қаласындағы бизнес-құрылымдарда өткізілген дәрістер
![](https://www.atyrauspidcentre.kz/wp-content/uploads/2018/08/47c7d990-dd31-44ff-9f14-f260e17700c3.jpg)
- admin_atsc
- 24.08.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2018 жылдың тамыз айының 20-24 аралығында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу жөніндегі орталығының мамандары Құрақова Г.Н. мен Жұмажанова А.А. «ТрансОйл ББ», «БатысТехноСервис»,«АлмаВестИнвест» ЖШС қызметкерлеріне арнап дәріс оқыды.Дәріс мақсаты-АИТВ-жұқпасының алдын алу және АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС сауалдары бойынша ақпараттандыру деңгейлерін көтеру,зауыт жұмысшыларының медициналық мекемелерге,орталыққа тестілеуге ынталылығын арттыру. Дәріс барысында АИТВ-жұқпасының таралу жолдары мен алдын алу, және АИТВ –инфекциясын жұқтырған адамдарды шеттетпеу,оларға түсіністікпен қарау туралы да айтылды. Дәріске қатысушылар сауалдарын қойып,оған нақты жауаптар ала алды.