№79 мекемесінің жеке құрамы мен медицина қызметкерлеріне дәріс өткізілді

- admin_atsc
- 23.04.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2025 жылдың 16 сәуірінде облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары №23 мекемесінің жеке құрамы арасында «АИТВ инфекциясының алдын алу. Арнайы контингент арасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигма және кемсіту» тақырыбында дәріс өткізілді.Сонымен қатармамандар пенитенциарлық мекемелердегі медицина қызметкерлеріне АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, қолданыстағы бұйрықтармен, қан алу кезінде кодтаудың дұрыстығымен, төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерінің іс-әрекеттері туралы таныстырды.
Медицина қызметкерлеріне стигматизация мен кемсітушіліктің алдын алу үшін АИТВ жұқтырған арнайы контингент туралы ақпаратпен жұмыс істеу кезінде құпиялылық қағидаттарын сақтау қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді.