Құрманғазы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесу
- admin_atsc
- 30.07.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2024 жылдың 24-26 шілде аралығында облыстық АИТВ- инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Г.А. Умарова мен Д.О.Жарылғасова Құрманғазы ауданына іссапармен барып , аудандық аурухананың медицина қызметкерлеріне жоспарға сәйкес әдістемелік көмек көрсетті.
Ұйымдастыру- әдістемелік көмек барысында медицина қызметкерлеріне Атырау облысының эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ туралы нормативтік құқықтық актілері, АИТВ-ға міндетті түрде тексерілетін контингенттер, медициналық мекемелерде апаттық жағдайлар туындағанда жүргізілетін әрекеттер туралы түсіндірді.
comments powered by HyperComments