Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясындағы семинар

- admin_atsc
- 18.04.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі А.Серікбаева қаладағы жедел жәрдем станциясының дәрігерлері мен орта буын қызметкерлеріне жоспарлы әдістемелік көмек көрсетті.
Кездесу барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ инфекциясына тексерілетін нормативтік құжаттармен, төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы мәселелерін көтерді.
Шара барысында сұрақтар қойылып оған жауаптар берілді. Қатысушылар саны- 41 адам.