АИТВ жұқпасы бойынша семинар
- admin_atsc
- 01.03.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. Серікбаева ” Атырау Облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы ” медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Семинар барысында маман қатысушыларға облыстағы эпидемиологиялық жағдайды, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.
Сонымен қатар апаттық жағдайлар туындаған кезде АИТВ-инфекциясынан қорғанудың және оның алдын алудың жолдарын түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар тараптарынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Қатысушылар саны – 19 адам.