Құрманғазы орталық ауруханасына әдістемелік көмек

- admin_atsc
- 22.04.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2025 жылдың 17-18 сәуір аралығында Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандары Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың негізгі мақсаты:АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың Жол картасына сәйкес, өңірдің дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерін даярлау.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелеріне, жүктілік, босану және емізу кезінде АИТВ, мерез және С вирустық гепатитінің берілуінің алдын алуға, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды уақтылы тексеруге және емдеуге, сонымен қатар жүретін ауруларды емдеуге ерекше назар аудару керектігі туралы түсіндірілді.
comments powered by HyperComments