АИТВ –ның алдын алу шаралары күшейтілуде

- admin_atsc
- 22.04.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Кездесудің басты мақсаты – АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жағдайды зерделеу, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.
Орталықтың мамандары АИТВ-ны диагностикалау, емдеу және пациенттерді бақылау, сондай-ақ АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мәселелері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments