Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Аутрич қызметкерлермен кездесу: 2024 жылғы қорытындылар және 2025 жылға арналған жоспар

Орталықта аутрич қызметкерлермен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында 2024 жыл бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланды. Қатысушылар өткен жылы атқарылған аутрич қызметінің тиімділігіне, оның ішінде профилактикалық шаралар мен мақсатты топтармен жұмыс жасауға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен міндеттері белгіленді. Жоспарға сәйкес, аутрич қызметкерлері жаңа бағыттар мен тәсілдерді қарастырып, профилактикалық шараларды күшейтуге және қауіпті топтармен жұмыс істеуді кеңейтуге басымдық береді.

Кездесу барысында қатынасқа дейінгі профилактика (ҚДП) және тестілеу маңыздылығы туралы мамандар кеңінен түсіндірді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey