Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ инфекциясы тақырыбында түсінік жұмыстары жалғасуда

Орталығымыздың мамандары Муканова Р. және Баймуханова М. Атырау қаласындағы “КТЖ”ҰҚ” Атырау магистральдық желі бөлімшесі” АҚ филиалының Атырау теміржол вокзалы және “Этажи” ИП “Ястребова” Центр недвижимость и ипотеки қызметкерлерімен кездесіп, АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуының болдырмау туралы дәріс оқыды.

Дәрісте АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жұғу факторлары, профилактика шаралары және тестілеу маңыздылығы туралы терең мағлұмат берілді. Сонымен қатар, медициналық маман АИТВ туралы жалған ақпараттар мен стереотиптерді жою бойынша кеңестер беріп, жұмыскерлердің сауалдарына жауаптар ұсынды. Бұл шараның басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау, жұмысшылардың өздерін қорғауға және АИТВ туралы дұрыс білім алуға ықпал ету болып табылады.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey