АИТВ-мен күрес – жұмысшылардың ортақ жауапкершілігі
- admin_atsc
- 15.01.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
null
Орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Иманғалиева Жұпар АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау және оның алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында ЖШС «Өнерпаз» және ЖШС «HJ-Групп» компанияларының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және жұмыс орнындағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, кездесуде АИТВ-ның жұмысшылар арасында қалай таралып, оның адам денсаулығына зиян келтіретіндігі туралы түсінік қалыптастырылды.
Қатысушылар өз кезегінде кәсіпорындарында осындай кездесулер мен тренингтер өткізу туралы ұсыныстар жасады, бұл шаралар жұмысшылардың денсаулығын қорғауға және эпидемиологиялық жағдайды бақылауға көмектесетінін атап өтті.
comments powered by HyperComments