Атырау облысының тар бейінді мамандарымен бірлескен семинар
- admin_atsc
- 09.10.2024
- Видео, Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Халықтың түйінді топтары, әсіресе гомосексуалды жыныстық қатынас арқылы АИТВ-инфекциясының жұғуының алдын алу үшін қатынасқа дейінгі профилактика (ҚДП) емін жүргізу маңызды. Себебі, қорғану шараларын қолға алмағандар көп жағдайда вирус жұқтыруға бейім келеді. Осыны түсіндіру мақсатында Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында арнайы жиын өтті. Семинарға қаладағы, аудандардағы ауруханалар мен емханалардың уролог, проктолог, андролог, венеролог дәрігерлері шақырылды.
«ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы 2023-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың «Жол картасын» жасақтаған болатын. Осы құжат аясында қатынасқа дейінгі профилактикалық қызметтермен қамтуды ұлғайту көзделген»,-деді Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Айгүл Кудаманова.
Ал, орталық дәрігері Альфия Қарабекова АИТВ инфекциясы бар адамды ерте анықтау оның салдарымен күресті жеңілдететінін жеткізді.
Дәрігердің айтуынша, АИТВ инфекциясының 4 кезеңі болады. 1 сатысында ещқандай белгі байқалмай, симптомсыз өтеді. ІІ -ІІІ сатыда бас ауруы, иммунитеттің төмендеуі, екіншілік инфекциялардың қосылуы пайда болады. Ал, ІV саты – ЖИТС, яғни науқасты ем қабылдамаған жағдайда өлімге әкелетін кезең. Семинарда АИТВ инфекциясы кеш анықталып, қазір кешенді ем-шаралар нәтижесінде беті бері қараған науқастардың жағдайы туралы да айтылды. Олар түрлі оппортунистік инфекциялармен жергілікті емханаларда және жеке клиникаларда емделген. Бірақ оларға АИТВ-ға қан талдауы уақытында жасалмаған. Соның салдарынан аурулары асқынған. Орталық дәрігері мұндай жағдайда міндетті түрде АИТВ-ға тексерілу қажеттігін айтты. Қатынасқа дейінгі алдын алу емі антиретровирусты препараттармен жүргізіледі, вирус жұқтыру қаупі бар адамдар 3 ай бақылауда болады, 1-3 ай аралығында қайтадан анализ тапсырулары қажет»- деді А.Қарабекова.
comments powered by HyperComments