№1 Атырау қалалық емханаға әдістемелік көмек көрсетілді

- admin_atsc
- 17.04.2024
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2024 жылдың 16 сәуірінде облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Р.Муканова мен Д.Жарилгасова №1 Атырау қалалық емханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «АИТВ инфекциясының алдын-алу шаралары» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Шарада АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы АИТВ-ның алдын алу бойынша клиникалық көрсеткіштері бойынша халықты тестілеуден өткізу және апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекет алгоритмі, дискриминация және стигма, жедел тестіні пайдалану сұрақтары қаралды. Арнайы слайдтар мен таныстырылып, мамандардың сұрақтарына жауап берілді. Семинарға қатысқандардың саны – 29.
comments powered by HyperComments