Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласында апталық аясындағы кездесулер

Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері 2020 жылдың 18-19 қарашасында «Жаһандық  ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбындағы  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы  аясында  Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде  «СтройИнвест-К» ЖШС,  «Идеал Маркет» ЖШС, Қалалық жұмыспен қамту орталығы,  Ғ. Сланов  атындағы облыстық кітапханасында қызметкерлермен және қала қала тұрғындарымен кездесулер  өткізді.
COVID-19  инфекциясы   АИТВ/ЖИТС індеті сияқты  әрбір адам  қауіпсіздікте  болмайынша, ешкім де қауіпсіз бола алмайтындығын көрсетті.    АИТВ инфекциясын  анықтаудың  жалғыз  жолы- қанды зертханалық тексеру екендігі, тексеру  тегін  жүргізілетінін   және   ЖИТС орталығында  анонимді, достастық кабинеті, сенім бекеті, сенім телефоны 21-11-03 жұмыс жасайтындығы  жеткізілді.

Іс-шара барысында , ақпараттық-білім беру материалдарын тарату, психоәлеуметтік кеңес беру  ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey