Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Qazaqstan Atyray’» телеканалында «NAZAR» ток-шоуы

2018 жылы 22 қарашада «Qazaqstan Atyray’» телеканалында  СПИД-ке қарсы Дүниежүзілік күніне арналған «NAZAR» ток-шоуы өткізілді. Онда облыстық полиция департаментінің өкілі, заңгер  және облыстық ЖИТС  орталығының мамандары қатысты. Ток-шоудың басты мақсаты – халықтың денсаулығына қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру, АИТВ- инфекциясының алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару. ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі  Умарова Г.А. және  диспансерлік бөлімнің меңгерушісі Аустниязова Б.И. облыстың түрлі өңірлерінде АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы мен себептері туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ секс-қызметкерлерінің және есірткіні инемен пайдаланушы адамдардың қауіпті мінез-құлқына қатысты мәселелер қозғалды. Талқылауға басқа ведомстволық құрылымдардың өкілдері белсенді қатысты.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey