Атырау облыстық АИТВ  орталығы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

1-ші желтоқсан –  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС-СПИД) қарсы күрес күні дүние жүзінде 1988 жылдан бері жыл сайын аталып келеді. 2018 жылы 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында осы атаулы күнге орай өтетін іс-шаралар  ұраны –  «Өз мәртебеңді біл».

1988 жылдан бері ЖИТС індетіне қарсы  ұйымдастырылған шаралар өз нәтижесін беруде. Адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ)  өмір сүретін миллиондаған адамдар толыққанды ұзақ өмір сүруде. Бірақ шешімін күтіп тұрған мәселелер әлі де көп. Соның бірі – азаматтардың өз АИТВ-статусын білуі. АИТВ-ға тексеру (тестілеу) – індет жұқтырғандарды ерте анықтап, емдеп, олардың өмірін сақтауға, індет жұқтырмағандарға өзін және айналасындағы адамдарды қорғауға  мүмкіндік береді.

Тестілеу жүргізуде әлі де кедергілер кездесуде. ЮНЭЙДС бағалауынша әлемде АИТВ-мен өмір сүретін 9,4 млн адам өз статусын білмейді. Індет жұққанын білуден қорыққан  және қоғамның шеттетуінен жүрексінген  адамдар  АИТВ-ға  тексерілуге бара алмайды, тестілеу құпия жүргізілетініне сенбейді. Көбі  аурудың клиникалық белгілері пайда бола бастағанда ғана тексеріледі. Бұл АИТВ-инфекциясы емінің кеш басталуына, аурудың алдын алу мүмкіндіктерінің азаюына әкеледі.

Атырау облыстық ЖИТС орталығында және барлық қалалық, аудандық емханаларда АИТВ-ға тестіден өтуге болады. Мұнда кез-келген адамға анонимді түрде тегін тексерілуге де мүмкіндік бар. АИТВ-статусты білудің жалғыз жолы – қанды зертханалық тексеру.

Атырау облысында  2018 жылдың 10 айында 28 адам тіркелді, оның 1 –шетелдік.

1993 жылдан бері өсу нәтижесімен (кумулятивті) облысымызда   298 Қазақстан азаматы, соның ішінде 66  шетелдік осы дертпен анықталды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey